Құрметті жас достар! «Ақ бота» интеллектуалды марафоны өз мәресіне жетті.
Марафонға қатысу ерікті түрде тегін болды. Енді сіздер өз нәтижелеріңізді akbota.daryn.kz. сайтынан біліп, қалауы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдарын, ал қатысушылар сертификаттарын Кaspі.kz қосымшасында 350 теңге төлем жасау арқылы жүктей алады.
1 желтоқсаннан кейін төлем жасағандар өздерінің дипломдарын/сертификаттарын төлем жасағаннан кейінгі екінші күні жүктей алады.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын тұлғалар тиісті растайтын құжаттары бар болса, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының дипломы/сертификаты тегін жүктеуге берілетін болады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сонымен қатар қатысушыларды құттықтаймыз.